Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты

Бақытжан Мұса · · 268 қаралым
Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы елшілері ауысты

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Малайзия және Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Ал Талғат Мұбарақұлы Адуов Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp