Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның оңтүстігі жарықсыз қалды: KEGOC себебін атады

Малика Хамит · · 239 қаралым
Қазақстанның оңтүстігі жарықсыз қалды: KEGOC себебін атады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының жаппай үзілуіне энергетикалық жүйедегі ірі технологиялық ақау себеп болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы KEGOC мәлімдеді.

14 тамыз күні сағат 14:37 шамасында Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде ақау тіркелген. Бірнеше жоғары кернеулі электр желісі қатар ажырап, соның салдарынан елдің оңтүстік бөлігі Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінен оқшауланған режимде жұмыс істеуге көшкен.

KEGOC-тың алдын ала мәліметінше, ақауға Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан қуат ағынының күрт артуы себеп болуы мүмкін.

Оқиға салдарынан Қазақстан бойынша тұтынушыларды электрмен қамтуды уақытша шектеу көлемі шамамен 2810 МВт-қа жеткен.

Ақау тіркелгеннен кейін жүйелік оператор қалпына келтіру жұмыстарын бірден бастаған.

Ал сағат 14:47-ге қарай Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарындағы жалпы көлемі 295 МВт болатын шектеулер алынып тасталған.

Қазір мамандар электрмен жабдықтауды толық қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

KEGOC мәліметінше, жағдай энергетикалық жүйенің жұмыс параметрлерін қалпына келтіру бағытында бақылауда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp