Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның сыртқы қарызы 182 млрд долларға жетті

Бақытжан Мұса · · 70 қаралым
Қазақстанның сыртқы қарызы 182 млрд долларға жетті

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Жоғарғы аудиторлық палатаның есебін талқылау барысында Қазақстанның сыртқы қарызы айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оның айтуынша, жыл сайын алынатын жаңа қарыздардың едәуір бөлігі бұрынғы міндеттемелерді өтеуге жұмсалады. Егер бұрын бұл көрсеткіш шамамен 36 пайызды құраса, 2025 жылы қайта қаржыландыруқар көлемі 51 пайызға дейін жеткен.

Депутат Ұлттық банк деректеріне сүйене отырып, 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанның сыртқы қарызы шамамен 182 млрд долларға жеткенін айтты. Оның сөзінше, бұл рекордтық көрсеткіш саналады.

Сондай-ақ Перуашев бір жыл ішінде сыртқы қарыз көлемі 10,4 пайызға артқанын атап өтті. Бұл соңғы 17 жылдағы ең жоғары өсім ретінде бағаланып отыр.

Еске салсақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы берешегі 164,7 млрд доллар болған. Сол кезде бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде тіркелген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp