Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның үш мегаполисінде 30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бақытжан Мұса 876 қаралым
Қазақстанның үш мегаполисінде 30 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

30 мамырда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы әртүрлі болады. Синоптиктердің болжамынша, Алматыда өткінші жаңбыр жауып, күндіз ауа температурасы +28 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +18 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 3,9 метрге жетеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Астанада ала бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз термометр бағаны +30 градусқа дейін көтерілсе, түнде +16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,3 м/с.

Ал Шымкентте күн ашық әрі ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +34 градусқа дейін жетіп, түнде +19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,6 метрді құрайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp