Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның жас миллиардерлері: 2026 жылғы Forbes тізіміндегі ең бай жастар

Бақытжан Мұса · · 576 қаралым
Қазақстанның жас миллиардерлері: 2026 жылғы Forbes тізіміндегі ең бай жастар

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, 18 бен 44 жас аралығындағы адамдар жастар санатына жатады. Forbes Kazakhstan журналы 2026 жылғы Қазақстанның ең бай 75 бизнесмені рейтингін жариялап, олардың ішінде осы жас тобына кіретін жеті миллионер және бір миллиардердің бар екенін көрсетті. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бұл тізімдегі кәсіпкерлердің үшеуі 44 жаста, біреуі 42 жаста, екеуі 41 жаста, біреуі 38 жаста, ал ең жасы – 35 жаста.

Ғалымжан Есенов (44 жаста)

Alatau City Bank-тің бұрынғы иесі, агробизнес саласының өкілі Ғалымжан Есенов рейтингте 564 млн доллар байлығымен 19-орында тұр. Ол 2023–2025 жылдары банк секторында қызмет атқарып, кейін бірқатар активтерінен, соның ішінде “Кселл” компаниясындағы үлесінен шықты. Қазіргі уақытта “Транстелеком” компаниясындағы жанама үлесін сату процесінде. Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы саласында белсенді: “Алель Агро” жобасына қатысады, алма бағы, шырын өндірісі, жем және мал азығы бағыттарын дамытып отыр. Оның Tamos Education мектебінде де үлесі бар.

Айжан Есім (44 жаста)

Forbes бағалауынша, 207 млн доллар байлығы бар Айжан Есім тізімде 47-орында. Ол бұрын “Қазфосфат” компаниясындағы үлесін сату арқылы капитал жинаған. Айжан Есім – Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің қызы және Ғалымжан Есеновтің жұбайы. Қазіргі таңда ол фитнес индустриясына инвестиция салуда (KRIDA фитнес-клубы), сондай-ақ нан-тоқаш комбинаттарындағы үлестерге ие.

Алмаз Әлсенов (44 жаста)

204 млн доллар байлығы бар кәсіпкер рейтингте 48-орында. Ол Harvest Group халықаралық агрокомпаниясының иесі, компания ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау, логистика және қаржыландырумен айналысады. Соңғы жылдары компания Кения нарығына шығып, Африкада логистикалық инфрақұрылым дамытуды жоспарлаған. Қазақстанда да агрожобалар жүзеге асырылуда: соя, жүгері және техникалық қарасора өсіру бағыттары қарастырылған.

Шахмұрат Мүтәліп (35 жаста)

Рейтингтегі ең жас кәсіпкер – Integra Construction KZ компаниясының бенефициары Шахмұрат Мүтәліп. Оның байлығы 482 млн доллар деп бағаланып, ол 22-орынға жайғасқан. Негізгі бизнесі құрылыс және инфрақұрылым саласына бағытталған: порттар, теміржол және жол жобалары, әуежай инфрақұрылымы, сондай-ақ тұрғын үй кешендері. Компания Көкшетауда стадион салу жобасын қолға алған. Сонымен қатар кәсіпкер спорт саласына және тау-кен өнеркәсібіне инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp