Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақтар мен қырғыздарды қорлаған Екатерина Биволға қатысты Ресейде іс қаралады

bahitzhanabzal
Қазақтар мен қырғыздарды қорлаған Екатерина Биволға қатысты Ресейде іс қаралады

Ресейде Екатерина Биволға қатысты қазақстандықтар мен қырғыздарға бағытталған қорлайтын мәлімдемелері үшін әкімшілік іс қозғалды, деп жазады qandastar.kz. 

Санкт-Петербург қаласының сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Биволдың бұрынығы әйеліне қатысты Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 20.3.1-бабы бойынша (өшпенділік немесе араздық қоздыру, сондай-ақ адам қадір-қасиетін кемсіту) іс тіркелген.

Сот мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 5 қарашада ГУ МВД России-нің Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша «Э» орталығының қызметкерлері интернет желісінен 22 қазанда Telegram-арналардың бірінде жарияланған бейнежазбаны анықтаған.

Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, видеода айтылған сөздер ұлтына, тіліне және шығу тегіне қарай біріктірілген адамдар тобына - атап айтқанда, қырғыздар мен қазақтарға - қатысты жағымсыз баға беруді қамтиды. Сарапшылар бұл негативтің балағат сөздер мен бейәдеп лексика арқылы берілгенін, сондай-ақ бір адамдар тобының екіншісінен «табиғи (генетикалық) тұрғыда артықшылығы» туралы тұжырымдар бар екенін атап өткен.

Аталған іс бойынша сот отырысы 2026 жылғы 29 қаңтарға тағайындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp