Мазмұнға өту
qandastar.

Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанның оңтүстігінде +50 градус ыстық болуы мүмкін

Бақытжан Мұса · · 47 қаралым
Қазгидромет: Шілдеде Қазақстанның оңтүстігінде +50 градус ыстық болуы мүмкін

Қазақстанда шілде айында ауа температурасы кей өңірлерде +50 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, шілде биыл да жылдың ең ыстық айларының бірі болмақ. Елдің солтүстік және шығыс бөліктерінде орташа ауа температурасы +18...+23 градус аралығында болса, оңтүстік өңірлерде +28...+30 градусқа дейін жетеді.

Мамандардың айтуынша, жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста +42...+43 градусқа, орталық, батыс және оңтүстік-шығыста +47...+48 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +50 градусқа жетуі мүмкін.

Сонымен қатар шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де күтіледі. Солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Синоптиктер жауын-шашынның әсіресе елдің солтүстік бөлігінде мол болатынын болжады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Жекелеген аудандарда бір тәулікте айлық жауын-шашын мөлшеріне тең немесе одан да көп жаңбыр түсуі мүмкін.

Сондай-ақ солтүстік, шығыс және таулы аймақтарда қатты найзағай күтілсе, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауу қаупі бар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp