Астанада қажылық сапарын ұйымдастырамыз деп азаматтарды алдаған екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Олар Instagram арқылы Мекке мен Мәдинаға қажылыққа апаратындарын жарнамалап, адамдардан ақша жинаған.
Жарнамаға сенген 37 азамат оларға жалпы 60 млн теңге аударған.
Алайда уәде етілген сапар ұйымдастырылмай, жиналған ақша өз қажеттеріне жұмсалып кеткен.
Сот екі азаматты да 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап қанағаттандырылды.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.