Қазақстан аумағында 5-30 маусым аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы ұйымдастырған «Найза-Антитеррор-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды порталы.
Іс-шараның негізгі мақсаты – терроризм қатерлеріне қарсы әрекет ету тетіктерін жетілдіру және күштік құрылымдардың өзара іс-қимылын пысықтау.
Оқу-жаттығу барысында жекелеген аумақтарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты азаматтарға сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын орындау ұсынылды.
Азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз
Сондай-ақ тұрғындарға тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпау қажеттігі ескертілді.
Мамандар жалған ақпараттың таралуы қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін екенін атап өтті. Сондықтан кез келген ақпаратты ресми дереккөздер арқылы нақтылау ұсынылады.