Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісіндегі
жазба жариялаған әншінің айтуынша, Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың отбасында құдалық рәсімі өткен.
Сүйінші! Жазира әпшем мен Жанболат ағам келін түсіріп жатыр! Тәтті шәйға барып, құдалармен танысып қайттық! Бұйырса ұланасыр той!
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа ерекше қуанып, жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандар Жазира мен Жанболаттың қарапайымдылығы мен кішіпейілдігін атап өтіп, алдағы тойдың берекелі болуын тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Еспанов Олжас Нұрланұлы (@espanov_olzhas)