Мазмұнға өту
qandastar.

«Келінін зорлаған қайын ата» - Ақтөбе облысында қылмыс тіркелді

bahitzhanabzal · · 102 қаралым
«Келінін зорлаған қайын ата» - Ақтөбе облысында қылмыс тіркелді

Ақтөбе облысының Бесқоспа ауылында 22 жастағы келіншек зорлық-зомбылыққа ұшырады деген күдікпен 53 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға 29 қазан күні болған. Полицияның хабарлауынша, күдікті - жәбірленушінің қайын атасы. Қылмыс кезінде келіншектің күйеуі үйде болмаған.

«Полиция Алға ауданының 22 жастағы тұрғынын зорлау фактісі бойынша күдіктіні ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі жан-жақты әрі бейтарап тергеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, жәбірленушінің екі баласы бар: үлкені үш жаста, кенжесі қырқынан енді шыққан. Күдікті - енесінің екінші күйеуі, яғни күйеуінің туған әкесі емес. Дегенмен, отбасы бір шаңырақтың астында тұрған.

Қазіргі уақытта келіншек психологтардың бақылауында. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp