Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен көз жұмды, деп хабарлайды
порталы
-ға сілтеме жасап.
Шу ауданындағы малшы дер кезінде екпе қабылдамай, ауруды асқындырып алғаны хабарланды.
Қазір өңірде кене шаққан 300-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауына алынған. Мамандар олардың қанынан қауіпті инфекция белгілері анықталмағанын айтады. Алайда аурудың табиғи ошағы тіркелген аумақта қауіп әлі де жоғары.
Биыл көктемнен бері жайылымдағы кенелер малшыларға да қиындық туғызып отыр. Байзақ ауданындағы шаруалар төрт-түліктің жаппай зардап шегіп жатқанын айтады.
Құмның орнында көп, отырған жеріңде атпен отырсаң да, былай отырсаң да, құмның астынан кене шыға береді. Қазір ол жақта малдар құрттап жатыр, сол кененің кесірінен. Жаңа туған қозылардың жұмсақ жері — төсіне жармасады. Кене шағады, оның орнын қасиды, тебінеді, қанайды, содан кейін құрттайды
Өңірде табиғат аясында демалған және мал бағуға шыққан жүздеген адамды кене шағып, инфекциялық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер уақыт өткізбей медициналық көмекке жүгінудің маңызды екенін ескертеді.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін бірден аурухаға барып, ауруға қарсы екпе алу қажет. Ауру асқынып кетсе кеш болады. Қазір халықты қауіпті індеттен қорғау үшін көктемгі зерделеу басталды. Аурудың табиғи ошағы саналатын жерлерден 2700-ден астам кене жиналып, зетханаға жіберілді. Нәтижесінде 151 кенеден қауіпті безгектің жұқтырғышы анықтылып отыр», – деді Жамбыл облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Нелли Мүлікова.
Бұған дейін Жамбыл облысындағы 42 елді мекеннен Конго-қырым геморрагиялық безгегінің белгілері анықталған. Қайғылы жағдайдан кейін мамандар бұл аумақтардан қайта сынама алып, зертханалық тексеру жұмыстарын бастап кеткен.