Мазмұнға өту
qandastar.

Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды

Бақытжан Мұса · · 33 қаралым
Кенжебек Жанәбілов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскенін әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Өнер иесінің айтуынша, денсаулығына байланысты Шымкентте жоспарланған концертке қатыса алмайды. Ол жүрек-қан тамырларына қатысты мәселе туындап, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылғанын жеткізді.

Сондай-ақ әнші өзіне медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мен аурухана ұжымына алғысын білдірді.

Желі қолданушылары мен әріптестері Кенжебек Жанәбіловке қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp