Мазмұнға өту
qandastar.

Кіндік бауы 2 метр: Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

Малика Хамит
Кіндік бауы 2 метр: Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

Алматыда кіндік бауы мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Алматы қаласындағы №1 қалалық перзентханада дәрігерлерді таңғалдырған ерекше жағдай тіркелді. Нәрестенің кіндік бауы мойнына алты рет оралған. Соған қарамастан, анасы баласын табиғи жолмен аман-есен дүниеге әкелді.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдайдың тағы бір ерекшелігі – кіндік бауының ұзындығы. Әдетте оның ұзындығы 50–70 сантиметр шамасында болса, бұл нәрестеде көрсеткіш 2 метрге жеткен.

Дәрігерлердің түсіндіруінше, кіндік бауының ұзын болуы қан айналымының бұзылуына жол бермей, сәбидің құрсақтағы оттегімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде қауіпті асқынулар тіркелмеген.

Қуаныштысы, босану сәтті өтіп, анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында.

Мамандар мұндай жағдайдың медициналық тәжірибеде өте сирек кездесетінін айтады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp