Мазмұнға өту
qandastar.

Кипр басшысы Қазақстанға қандай ұсыныспен келді

Малика Хамит · · 70 қаралым
Кипр басшысы Қазақстанға қандай ұсыныспен келді

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр Президенті Никос Христодулидисті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды

порталы.

Рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Президенті бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Одан кейін мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Кипр арасындағы байланыстар соңғы жылдары айтарлықтай нығайғанын атап өтті.

Мемлекеттеріміздің астаналарында елшіліктерімізді аштық. Екі ел арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды, басқа да маңызды жобалар жүзеге асырылды. Дегенмен екіжақты ықпалдастықты кеңейту үшін әлеуетіміз жеткілікті деп ойлаймын. Өз тарапымнан көптеген бағытта ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға күш салуға дайынмын
деді Президент.

Өз кезегінде Никос Христодулидис Қазақстанға Кипрден қатынайтын алғашқы тікелей рейспен келгенін айтып, бұл қадам екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға жаңа серпін беретінін жеткізді.

Елдеріміздің әлеуеті мол. Бүгінгі келіссөздер өзара ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізеді деп санаймын. Сонымен қатар Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету жолдарын талқылауға әзірмін
деді Кипр Президенті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистика салаларындағы серіктестікті дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін қарастырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp