Мазмұнға өту
qandastar.

«Қисынсыз шоу»: Мөлдір Әуелбекованың жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды

Малика Хамит · · 1 060 қаралым
«Қисынсыз шоу»: Мөлдір Әуелбекованың жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды

Әнші, «КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова желіде жазба жариялап, қызу талқыға қалды, деп хабарлайды

порталы.

Әнші «КешYOU» тобының концертіне қатыспайтынын жазды.

Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын. Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім. Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз. Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым. Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік
деп жазды әнші.

Әншінің жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Су ішкен құдығыңа түкірме дейтінбеді осындай кезде или мақал орынсыз ба бұл тұста», «Әрине шешімді қабылдайтын өзіңізсіз. Бірақ халық Мөлдірді сол Кешю тобының құрамынан көріп,өнеріне тәнті болды», «Қисынсыз шоу, ол сіздің де өміріңіздің жартысы сонда өміріңіз де қисынсыз ба» және «Қисынсыз шоу? Өзіңіз ұшқан ұяны қисынсыз деуге болама?» деп жазып жатыр олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Moldir Auyelbekova (@moldir.auyelbekova)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp