Мазмұнға өту
qandastar.

ҚМДБ қалыңмал мен мәһірге қатысты мәлімдеме жасады

bahitzhanabzal · · 265 қаралым
ҚМДБ қалыңмал мен мәһірге қатысты мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қалыңмал мен мәһірге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды qandastar.kz

Мүфтияттың баспасөз қызметінің мәліметінше, "әке еңбегі", "ана сүті" сияқты қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды. Сондай-ақ, қыздың жасауын әкесі өз мүлкінен алып берсе, бұл мәһір болып есептелмейді.

Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады
делінген ресми ақпаратта.

Осы ретте ҚМДБ баспасөз қызметі мүфтияттың шешімін жария етті.

Шешім: Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. "Әке еңбегі", "ана сүті" секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды
делінген ақпаратта.

Қалыңмал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуі тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады. Бірақ күйеуі мәһір-мисл береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp