Мазмұнға өту
qandastar.

«Көк кит» ойынына қатысы бар ма? Зайсандағы әйел өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Малика Хамит · · 19 қаралым
«Көк кит» ойынына қатысы бар ма? Зайсандағы әйел өліміне қатысты полиция түсініктеме берді

Зайсанда әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Күдікке кәмелетке толмаған жасөспірім ілініп, ол қамауға алынған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Полиция дерегінше, қазір «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желіде марқұм әйелдің мұғалім болғаны және жасөспірімнің қауіпті интернет-ойынның тапсырмасын орындауы мүмкін екені туралы ақпарат тараған.

Алайда полиция бұл мәліметтерді растаған жоқ.

Құзырлы орган қаза тапқан әйелдің мұғалім болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Сондай-ақ тергеу барысында оқиғаның «Көк кит» ойынымен байланысы анықталмаған.

Полиция істің тергеу барысына қатысты қосымша ақпаратты заң талаптарына сәйкес жариялайтынын айтты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp