Мазмұнға өту
qandastar.

Көкпар кезінде аттан құлаған 14 жастағы бала мерт болды

Малика Хамит · · 472 қаралым
Көкпар кезінде аттан құлаған 14 жастағы бала мерт болды

Ақмола облысында көкпар жаттығуы кезінде 14 жастағы жасөспірім қаза болды, деп хабарлайды

порталы.

Қайғылы оқиға 26 мамыр күні Целиноград ауданында болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ұлттық ойын бойынша жаттығу кезінде 2012 жылы туған бала аттан құлап, алған жарақатынан көз жұмған.

Тергеу іс-шаралары шеңберінде жаттығуды ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеттері тексерілетін болады
деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp