Мазмұнға өту
qandastar.

Көкшетауда аулада әйелді қағып кеткен жүргізушіге 2,5 жыл жаза тағайындалды

Малика Хамит · · 193 қаралым
Көкшетауда аулада әйелді қағып кеткен жүргізушіге 2,5 жыл жаза тағайындалды

Көкшетау қаласында жаяу жүргіншіні көлікпен қағып, оның өліміне себеп болған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сот мәліметінше, оқиға биыл мамыр айында тұрғын үй ауласында болған.

Көлік жүргізуге құқығы жоқ әйел автокөлікті басқарып келе жатып, аулаға бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Ауыр жарақат алған тұрғын кейін ауруханада көз жұмған.

Айыпталушы сот барысында көлік тізгініне жұбайының денсаулығы күрт нашарлағандықтан және оның келісімімен отырғанын түсіндірді.

Ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленуші тарапқа моральдық шығынды ерікті түрде өтеген.

Жәбірленуші тарап соттан әйелді бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Алайда сот оны жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкелгені үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен әйел 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның тәрбиесінде екі кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp