Мазмұнға өту
qandastar.

Көкшетауда сапасыз бензин құйған 15 көлік жолда қалып қойды

Малика Хамит
Көкшетауда сапасыз бензин құйған 15 көлік жолда қалып қойды

Көкшетауда жанармай құю бекетінен бензин алған ондаған жүргізуші күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Көліктері от алмай, кейбірі жол үстінде тоқтап қалған.

Оқиға Зеренді тас жолына шығатын маңдағы жанармай құю станциясында болған. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, жүргізушілердің бірқатары бекеттің аумағынан шыға алмай қалса, енді бірінің көлігі жолда өшіп қалған. Салдарынан кейбір жүргізушілер қалаға жаяу қайтуға мәжбүр болған.

Көкшетау қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі оқиғаны растады. Ведомствоның мәліметінше, жанармай құю станциясы ұсынған ақпарат бойынша, сапасыз бензиннен 15 көлік істен шыққан.

Қазір барлық көлік жанармай жүйесін тазарту үшін техникалық қызмет көрсету орталықтарына жіберілген. Ал жүргізушілерге шығынды өтеуге негіз болатын кепілхаттар берілген.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, кепілхат негізінде жанармай құю станциясының басшылығы көлік иелеріне келтірілген шығынды өтеп береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp