Мазмұнға өту
qandastar.

Көкшетауда шетел азаматы саябақты өртемек болып, өзі ауыр күйік алды

Бақытжан Мұса · · 146 қаралым
Көкшетауда шетел азаматы саябақты өртемек болып, өзі ауыр күйік алды

Көкшетауда шетел азаматы саябақтағы мүлікті өртемек болып, өзі ауыр күйік алды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеп хабарлады.

Оқиға 12 маусымға қараған түні Абылай хан алаңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада өрт пен зардап шеккен ер адамның айқайы естіледі.

Полицияның мәліметінше, ер адам мас күйде қоғамдық мүлікті өртемек болған. Алайда әрекеті өзіне зиян келтіріп, ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары өртті сөндіріп, жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Зардап шеккен азамат облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 1988 жылы туған ер адамның денесінің 95 пайызын күйік шалған. Қазір ол жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр. Емдеу шаралары күйік саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізілуде.

Полицияның хабарлауынша, бұл азамат бұған дейін де қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған және бірнеше рет қоғамдық тәртіпті бұзған.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, күдіктінің әрекет ету себептерін және келтірілген шығын көлемін анықтап жатыр.

[video width="352" height="640" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/IMG_2997-1.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp