Мазмұнға өту
qandastar.

Көкшетауда төрт баланы көлік қағып кетті

Малика Хамит · · 18 қаралым
Көкшетауда төрт баланы көлік қағып кетті

Көкшетауда жаяу жүргіншілер өткелінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға 4 тамыз күні тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан балаларға жол бермей, оларды қағып кеткен.

Соққы салдарынан жасөспірімдер түрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер тексеріс жүргізгеннен кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, барлығы амбулаторлық ем алуға үйіне қайтарылған.

Полиция жүргізушіге қатысты жаяу жүргіншілерге басымдық бермегені үшін әкімшілік хаттама рәсімдеді. Сонымен қатар, зардап шеккен балалардың ата-аналары жүргізушіге қатысты арыз жазбаған.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, көлікті әйел адам басқарған. Алайда бұл ақпаратқа құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp