Көкшетауда жол-көлік оқиғасы тіркеліп, жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен сәт әлеуметтік желілерде тарады. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Telegram арналарында жарияланған видеода тротуарға қарай бет алған әйелді көлік қағып, кейін үстінен өткен сәт көрінеді. Жазбада оқиғаның ауыр сипатта болғаны айтылған.
Кадрларда көліктің алдыңғы есігінен ер адам шығып, көліктің астын тексергені, ал жүргізуші жағынан әйел адамның да сыртқа шығып, айналаны қарап жүргені байқалады.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.