Мазмұнға өту
qandastar.

Көктемде теміржол билеттеріне 25% жеңілдік

Бақытжан Мұса · · 45 қаралым
Көктемде теміржол билеттеріне 25% жеңілдік

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1-30 сәуір аралығында белгілі бағыттар бойынша теміржол билеттеріне 25% көлемінде көктемгі жеңілдіктер енгізілгенін хабарлады, деп жазады Qandastar.kz. ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңілдік тек белгіленген мерзімде ғана қолданылады және жол жүру құжаттарын ресімдеу талаптары сақталған жағдайда жарамды болады.

Жеңілдік № 105/106 «Петропавл – Алматы» және № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» пойыздарына қарастырылған. Бұл жеңілдік дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздарға қолданылады.

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі пайдаланылады.

Сонымен қатар, № 65/66 «Астана – Қызылорда» бағыты бойынша турист (2Д, купе) вагондарына 25% жеңілдік ұсынылған. Бұл жеңілдік билеттерді пойыз жөнелтілетін күннен 45-тен 15 күн бұрын алдын ала сатып алған жағдайда ғана қолданылады және турист санатындағы вагондардың төменгі және жоғарғы орындарына қатысты.

Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp