Мазмұнға өту
qandastar.

Қол-аяғы сынған: Алматы облысында тауда жарақат алған турист құтқарылды

Малика Хамит · · 203 қаралым
Қол-аяғы сынған: Алматы облысында тауда жарақат алған турист құтқарылды

Алматы облысының тауларында 18 жастағы турист ауыр жарақат алып, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Оқиға Қарасай ауданындағы Қарғалы шыңының етегінде, теңіз деңгейінен шамамен 2600 метр биіктікте болған. Турист таудан өздігінен түсе алмай қалған.

Құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты күрделі жағдайда өтті. Тауда қалың тұман түсіп, жаңбыр мен бұршақ жауған. Осыған қарамастан мамандар туристі іздеу және эвакуациялау жұмыстарын түні бойы жүргізді.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару қызметінің «Барыс» тобы мен Мониторинг және жедел ден қою орталығының мамандары жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіттің қолы мен аяғы сынған. Сонымен қатар беті мен денесінің бірнеше жерінен жарақат алған.

Құтқарушылар оны зембілге салып, таудан төмен түсірді. Кейін зардап шеккен турист медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp