Мазмұнға өту
qandastar.

Көлік министрлігінің екі қызметкері 40 млн теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді

Бақытжан Мұса · · 18 қаралым
Көлік министрлігінің екі қызметкері 40 млн теңгеден астам пара алды деген күдікке ілінді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Nege.kz порталына сілтеп хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер белгіленген салмақ нормасынан асатын жүк көліктерінің кедергісіз жүруіне жағдай жасап, бұл үшін тасымалдаушылардан заңсыз сыйақы алып отырған.

Күдіктілердің заңсыз алған қаражатының жалпы сомасы 40 млн теңгеден асқаны анықталған.

Сот екі азаматқа да қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp