Мазмұнға өту
qandastar.

Көлік нөмірін изолентамен өзгерткен жүргізуші бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Бақытжан Мұса
Polisia.kz
Polisia.kz

Көкшетау – Астана тасжолында мемлекеттік тіркеу нөмірін изолентамен өзгерткен жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бір тәулікке қамалып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Оқиға кезінде елордалық полиция қызметкерлері Scania маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 54 жастағы шетел азаматы мемлекеттік тіркеу нөміріндегі кейбір әріптер мен сандарды изолентамен өзгертіп, оның оқылуын қиындатуға тырысқаны анықталды.

Аталған құқық бұзушылық үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған бір тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Полиция өкілдері мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасыру немесе өзгерту заң талаптарын бұзу болып саналатынын еске салып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp