Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тағы 570 адам түрлі жарақат алған.
Зілзала салдарынан 1,5 мыңнан астам үйге, 18 медициналық орталық пен 52 мектепке зақым келген. 61 ғимарат толықтай қираған.
Жер сілкінісінен Кали, Перейра, Манисалес және Кибдо қалалары қатты зардап шекті. Құтқарушылар үйінділерді аршып, қиранды астында қалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр.
Зілзаладан кейін кемінде 21 афтершок тіркелген. Билік елде төтенше жағдай жариялады. Бірнеше әуежай қауіпсіздік мақсатында уақытша жұмысын тоқтатты.
Дүмпулер Эквадор, Панама және Венесуэлада да сезілген. Мамандар бұл жер сілкінісін Колумбияда XXI ғасырда тіркелген ең қуатты зілзала деп бағалап отыр.
Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан тірі сәби мен оның анасын алып шыққан сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Құтқарушылар қирандылар астында қалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр.