Мазмұнға өту
qandastar.

«Көмектеседі деп сенемін». Әнші Әли Оқапов қандай дертке шалдыққанын айтты

bahitzhanabzal · · 311 қаралым
«Көмектеседі деп сенемін». Әнші Әли Оқапов қандай дертке шалдыққанын айтты

Фото:

instagram.com/aliokapov

Танымал әнші Әли Оқапов әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне дисфония диагнозы қойылғанын айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz сілтеме жасап.

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа қойылған диагноз ән орындау кезінде дауыстың қарлығуына себеп болуы мүмкін.

Әлі Оқаповтың айтуынша, бұл дертпен 5 жыл бойы күресіп келеді екен. Әнші дауысының нашарлауы стресс пен шамадан тыс шаршағанның кесірінен болғанын айтады.

Қандай жағдай болмасын, мен өзіме сенемін және жаттығулар көмектеседі деп үміттенемін
деп жазды ол.

Қарлығу, дисфония – дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл – көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әртүрлі кеселдер.

Еске салайық, қазір Әли Оқапов «Жұлдызды жұп» бағдарламасына қатысып жатыр. Оның жобадағы серігі – танымал актриса Фариза Ескермес.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp