Мазмұнға өту
qandastar.

Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

Малика Хамит · · 451 қаралым
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға 3 тамыз күні болған. Зардап шеккен сарбаз бірден медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті мамандандырылған көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметші бұған дейін қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Сондай-ақ оқиға алдында оның ата-анасы әскери бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу кезінде де тараптардан шағым немесе өтініш түспеген.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрған. Ведомство бұл істің ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp