Мазмұнға өту
qandastar.

Конго Демократиялық Республикасы Өзбекстанды жеңіп, плей-оффқа тарихи жолдама алды

Бақытжан Мұса · · 48 қаралым
Конго Демократиялық Республикасы Өзбекстанды жеңіп, плей-оффқа тарихи жолдама алды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Конго Демократиялық Республикасы құрамасы Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

K тобының үшінші турындағы кездесу АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өтті.

Матчтағы есепті 10-минутта Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов ашты. Оған нәтижелі пасты Акмал Мозговой берді.

Екінші таймда Конго Демократиялық Республикасы ойынды өз пайдасына өзгертті. Алдымен Йохан Висса 68-минутта пенальтиден есепті теңестірсе, екі минуттан кейін Фистон Майеле командасын алға шығарды. Ал қосымша уақыттың бірінші минутында Йохан Висса Мешак Элияның пасынан кейін үшінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.

Кездесудің 17-минутында Конго құрамасының ойыншысы Натанаэль Мбуку гол соққанымен, VAR жүйесі шабуыл кезіндегі ереже бұзушылықты анықтап, гол есепке алынбады.

Осылайша Өзбекстан құрамасы дебюттік әлем чемпионатындағы үш ойында да жеңіліп, екі гол соғып, өз қақпасына 11 гол жіберді. Команда K тобында ұпайсыз соңғы орынға тұрақтады.

Ал төрт ұпай жинаған Конго Демократиялық Республикасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алып, 1/16 финалда Англия құрамасымен кездесетін болды.

Бұл топтан Колумбия жеті ұпаймен, Португалия бес ұпаймен келесі кезеңге өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp