CTS көлік кешені операторының басшысы Асылбек Дүйсебаев елордадағы көптен күткен LRT 16-17 мамырда іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды
порталы.
Айта кетері, көлік вагонының ұзындығы 60 метр, 600-ден астам адамға шақталған.
Ең жоғарғы жылдамдық сағатына 80 км, ал қаладағы орташа жылдамдық сағатына 50-60 км.
Станцалар арасында күту уақыты - 5-6 минут. Барлық жолды 22 шақырымды 40 минутта жүріп өтуге болады. LRT жүргізушісіз жүреді. Ішінде тек операторлар отырады
Айтуынша, болашақта LRT-ға автобус карталарымен төлеу мүмкіндігі оң жолға қойылады.
Алғашқы кезеңде LRT бойынша жолаушылар ағыны 25 мыңнан 45 мың адамға дейін болады деп күтілуде.