Мазмұнға өту
qandastar.

Қордайда шетел азаматы киімінің астына 70 мың доллар жасырған

Малика Хамит · · 429 қаралым
Қордайда шетел азаматы киімінің астына 70 мың доллар жасырған

10 күнде шекарада 645 млн теңгенің жасырын валютасы анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қазақстан шекарасында небәрі он күннің ішінде декларацияланбаған валютаны елден алып шығуға қатысты 70 әрекет тоқтатылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 1-10 тамыз аралығында өткізу пункттерінде анықталған жасырын ақшаның жалпы сомасы 645 млн теңгеден асты.

Солардың бірінде Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде шекарашылар шетел азаматын тексеру кезінде киімінің астына жасырылған 70 мың АҚШ долларын тапқан. Бұл шамамен 32,5 млн теңгеге тең.

Қолма-қол валютаны шекара арқылы алып өту кезінде заң талаптарын сақтау қажет. Белгіленген шектен асатын соманы декларациясыз алып шығуға тыйым салынған.

ҰҚК мұндай фактілердің шекаралық бақылау барысында тұрақты түрде анықталып жатқанын атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp