Мазмұнға өту
qandastar.

Корея президенті қазақша жазба жариялап, Тоқаевқа алғысын білдірді

Малика Хамит · · 99 қаралым
Корея президенті қазақша жазба жариялап, Тоқаевқа алғысын білдірді

Қазақстандағы арнайы операция Оңтүстік Корея президентінің алғысына себеп болды, деп хабарлайды

порталы.

Ли Чжэ Мён телефон арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топты ұстауға көмектескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ризашылығын қазақ тілінде білдірді.

Бұған дейін ҰҚК Қазақстан аумағында Кореяның 14 азаматы жұмыс істеген заңсыз колл-орталықты анықтаған. Күдіктілер өз жерлестеріне қоңырау шалып, түрлі тәсілмен ақша алдап алған.

Корея президентінің айтуынша, топ бұған дейін Камбоджа мен Вьетнамда да осындай қылмыстар жасаған. Кейін Қазақстанға жасырын кірген. Ұсталған азаматтардың барлығы Кореяға жеткізіліп, қазір оларға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ли Чжэ Мён әлеуметтік желідегі жазбасын қазақ тілінде жариялап, Қазақстан тарапына ерекше алғыс айтты:

Ұстау шарасынан бастап елге жеткізуге дейінгі жұмыстың жедел атқарылуы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің белсенді қолдауы мен ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға және тиісті тараптарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз».
Дәйексөз

Корея басшысы алғысын тек әлеуметтік желі арқылы емес, жеке өзі де жеткізгісі келеді.

Ол келесі айда өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» саммиті кезінде Тоқаевпен кездесіп, ризашылығын тікелей айтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp