Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар қайта ұшып келді, деп хабарлайды Qandastar.kz. Сирек кездесетін құстардың табиғат аясындағы ерекше көрінісін Көкшетау қаласының тұрғыны Серікбай Жаныбеков дрон арқылы түсіріп алған.
Ол видеоны Instagram парақшасында жариялап, түсірілім кезінде құстарға ешқандай зиян келмегенін атап өтті.
Желі қолданушылары қоқиқаздардың әсемдігіне ғана емес, өңір табиғатының сұлулығын әсерлі көрсете білген видео авторының шеберлігіне де жоғары баға берген.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жаңа туған киік төлдеріне GPS-датчик орнатылған арнайы сырғалар тағылып жатқаны хабарланған еді.