Мазмұнға өту
qandastar.

Қорғаныс академиясынан оқытушының мәйіті табылды

bahitzhanabzal · · 2 566 қаралым
Қорғаныс академиясынан оқытушының мәйіті табылды
Фото: инстаграм Көкшетаудағы ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының ғимаратынан курсанттар 22 жастағы оқытушының мәйітін тапты, деп хабарлайды qandastar.kz
Оның денесі жоғары оқу орнының кабинеттерінің бірінен табылған. Қайғылы жағдай 2 сәуірде болған. Полиция ақпаратты растады.
«2 сәуірде Көкшетауда Қазақстан Республикасының ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының оқытушысының мәйіті табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша ол суицид жасаған», – деді Ақмола облысының Полиция департаменті.
Құқық қорғаушылар қылмыстық істі тіркеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу: Telegram WhatsApp