Қорғаныс министрлігі халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысып жүрген қазақстандық әскери қызметшілердің жалақысына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды
порталы.
Министрдің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, қазіргі уақытта шетелдегі миссияларда Қазақстанның 155 әскери қызметшісі қызмет атқарып жүр.
Олар негізгі жалақыдан бөлек, халықаралық ұйым тарапынан да төлем алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымынан шамамен 1 500 АҚШ долларын ай сайын алады. Одан бөлек, біздің қаражаттан айлықты үш еселеп алып жатыр
Ведомство мәліметінше, қазақстандық бітімгерлер түрлі халықаралық қауіпсіздік операцияларына қатысып келеді.
Олардың қатарында Голан жоталарындағы миссия да бар.
Бұған дейін аталған аймақтағы қазақстандық әскери қызметшілер жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсеткені хабарланған еді. Соңғы айда олар 90-нан астам адамды қабылдаған.