Көшербаев Аустриядағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы елшісі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.
Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Сонымен қатар Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрынғы қызметінен босатылды.
Бұдан бөлек, Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы елшісі және Тогодағы елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.