АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық әйел АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесі болмағандықтан, елдің иммиграциялық қызметі тарапынан қолға түскен.
Әйелдің үш баланың анасы екені белгілі болды. Оның ұсталғаны туралы алғаш рет құрбысы әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлаған.
Қазіргі таңда Қазақстан дипломаттары жағдайды бақылауға алған. Консулдық қызмет өкілдері АҚШ-тың тиісті мемлекеттік органдарымен және ұсталған әйелдің отбасымен байланыс орнатқан.
СІМ қазақстандық азаматшаға қажетті консулдық көмек көрсету шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Министрлік әзірге әйелдің АҚШ-та қандай негізде жүргені және оны қандай шара күтіп тұрғаны туралы қосымша мәлімет жариялаған жоқ.