Мазмұнға өту
qandastar.

Көшпенділер ойынында қазақстандық шабандоздың ерекше өнері желіні тәнті етті

Бақытжан Мұса · · 676 қаралым
Көшпенділер ойынында қазақстандық шабандоздың ерекше өнері желіні тәнті етті

Әлеуметтік желілерде қазақстандық шабандоз Бақтыбай Қанаттың Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы өнері көрсетілген видео кеңінен таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, дейді Qandastar.kz сайты.

TikTok желісінде жарияланған бейнежазбада спортшының шауып келе жатқан аттың үстінде күрделі трюктерді асқан шеберлікпен орындаған сәті бейнеленген. Шабандоздың ептілігі мен кәсіби дайындығы көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Видео авторы жазбаға: «Жасаған бере салған қазағымның жігіттері мықты ғой, шын мәнінде. Сіздерге қазақтар да шоу жасайды» деген пікір қалдырған.

Желі қолданушылары Бақтыбай Қанаттың шеберлігіне жоғары баға беріп, оның өнерін ұлттық ат спортының жарқын үлгісі ретінде атап өтті. Қысқа уақыт ішінде бейнежазба мыңдаған қаралым мен пікір жинап, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp