Рудныйда бесінші қабаттан құлаған әйел дәмхананың шатырына түскен, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қостанай облысының Рудный қаласында әйел бесінші қабаттағы терезеден құлап, үйге жапсарлас орналасқан дәмхананың шатырына түскен.
Оқиға туралы хабарлама «112» пультіне келіп түскен. Құтқарушылар 50 жыл Октября көшесіндегі үйге дереу жетіп, арнайы жабдықтардың көмегімен әйелді шатырдан қауіпсіз жерге түсірді.
ТЖМ қызметкерлері құтқару арқаны мен зембілді пайдаланып, әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.