Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды

bahitzhanabzal · · 115 қаралым
Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай облысындағы Қарасу ауданы әкімінің орынбасарын ұстады, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Шенеунікке сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, мемлекет қаржысын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр.

Белгілі болғандай, 2025 жылғы 31-желтоқсан күні шенеуніктің қолына кісен салынып, оның жұмыс орнында тінту жүргізілген. Қазір қамауға алынған лауазымды тұлғамен істес болған облыс әкімдігінің бөлім басшысы және құрылыс компаниясының иесі де тергеуге тартылған.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 2 қаңтар күні Қарасу ауданы әкімдігінде тінту жүргізіліп, құжаттар тәркіленген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp