Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанай облысында ауыл тұрғындары көшеге қиыршық тас төсеуге өздері қаржы жинап жатыр

Бақытжан Мұса · · 1 146 қаралым
Қостанай облысында ауыл тұрғындары көшеге қиыршық тас төсеуге өздері қаржы жинап жатыр

Қостанай облысындағы Московское ауылының тұрғындары жолдың нашарлығына байланысты көшелердің біріне қиыршық тас төсеу үшін өз қаражаттарын жинауға кірісті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жауын-шашын кезінде көшелерді батпақ басып, терең шалшықтар пайда болады. Соның салдарынан адамдар жаздың өзінде резеңке етік киюге мәжбүр. Кей жағдайларда топырақ жолдарға жеңіл көліктермен қатар жедел жәрдем көліктері де батып қалып, науқастарға уақытылы жету қиындайды.

Ал ауылдық округ әкімі Әділхан Мұқанов жолдарды жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы екі жыл ішінде аудандық бюджеттен жол инфрақұрылымын жақсартуға 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Соған қарамастан, тұрғындардың өз күшімен жөндемек болған көшелері биылғы жөндеу жоспарына енгізілмеген. Осыған байланысты олар жолдың жағдайын өз қаражаттары есебінен жақсартуға шешім қабылдаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp