Жітіқарада отбасылық жанжал салдарынан 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алды, ұлы көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қайғылы оқиға 25 сәуірде болған.
Полиция мәліметінше, жанжал кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатын алған.
Оның ұлы да жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды.
Ол зардап шеккен әйелдің күйеуі болып шықты.