22 шілде күні таңертең Қостанай - Қарабұтақ тас жолында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 автокөліктері соқтығысып, адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды
сайты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jetour X70 автокөлігі жол апаты салдарынан аударылып кеткен. Ал, Chevrolet Cobalt автокөлігі жолдың шетіне шығып кеткен.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Сонымен қатар басқа жолаушылар түрлі жарақатпен зардап шеккен. Қазіргі таңда барлық зардап шеккендер ауруханаға сәтті жеткізілді. Дәрігерлер өмірлерін сақтап қалу үшін барын салуда.
дұрыс жазғанмнын ба?
Қостанай – Қарабұтақ автожолының Жайылма ауылы маңындағы жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр". "Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі