Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда 13 жастағы бала теміржол аумағында тоққа түсті

Малика Хамит · · 699 қаралым
Қостанайда 13 жастағы бала теміржол аумағында тоққа түсті

Қостанайда теміржол аумағында болған 13 жастағы жасөспірім электр тогынан зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала Рудныйдан достарымен бірге Қостанайға келген.

Жасөспірімдер теміржол жолдары орналасқан аумақта жүрген. Сол жерде оқушыны электр тогы соққан.

Зардап шеккен балаға медициналық көмек көрсетіліп, ол ауруханаға жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жасөспірімнің жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр және дәрігерлер қажетті ем-домды жүргізіп жатыр.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp