Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда бассейнге батып кеткен 5 жасар бала аман қалды

Малика Хамит · · 965 қаралым
Қостанайда бассейнге батып кеткен 5 жасар бала аман қалды

Қостанай облысында бассейнге батып кеткен 5 жасар бала жедел жәрдем қызметкерлерінің арқасында аман қалды, деп хабарлайды

порталы.

Дәрігерлер оқиға орнына жеткен кезде бала клиникалық өлім жағдайында болған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 2021 жылы туған баланың суға кеткені туралы хабар 103 қызметіне сағат 16:17-де түскен.

Алғашқы бригада оқиға орнына төрт минуттан кейін жеткен. Жағдайдың ауырлығына байланысты қосымша екінші бригада жіберілген.

Мамандардың айтуынша, бала су астында қанша уақыт болғаны белгісіз. Жедел жәрдем қызметкерлері дереу реанимациялық шараларды бастап, жүрек соғысын қалпына келтірген.

Интубация жасалғаннан кейін бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Дәрігерлер жазғы демалыс маусымы басталар алдында ата-аналарды балаларды су маңында қараусыз қалдырмауға шақырды.

Мамандардың сөзінше, қайғылы жағдайдың орын алуына бірнеше секундтың өзі жеткілікті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от КГП Костанайская областная станция скорой помощи (@103kostanay)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp