Мазмұнға өту
qandastar.

Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Малика Хамит · · 131 қаралым
Қостанайда қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды

Қостанай облысында білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Ведомство мәліметінше, облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты істі қарап жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер басқа тұлғалармен бірге бөлімге қарасты мектептерге бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Тергеу аясында 1 маусым күні бірқатар процессуалдық іс-шаралар өткізілген. Атап айтқанда, күдіктілердің тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілді.

Сол күні тергеу органы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Уразбаеваны ұстаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде 2026 жылғы 1 маусымда бірқатар тергеу әрекеттері, оның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізілді
деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасы.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp