Қостанайда келін мен қайын жұрт арасындағы отбасылық жанжал полицияға дейін жетіп, соңы қылмыстық іске ұласты, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға 22 тамызда болған. Полицияға 57 жастағы қала тұрғыны мен оның 24 жастағы келіні арасында жанжал шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына учаскелік инспектор дереу барған.
Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде келіні тұрып жатқан үйдің терезелерін үй иесінің қызы сындырған. Сонымен қатар екі әйелдің де дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалған. Құқық қорғау органдары әр тараптың әрекетіне жеке құқықтық баға беретінін мәлімдеді.
Қазір жанжалға қатысқан екі әйелге де бір-бірімен байланысуға және жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылған. Тергеу жалғасып жатыр.
Ал әлеуметтік желіде жанжалдың шығуына әйелдің үйінің алдына жуылған киімдерді жайып қоюы себеп болғаны жазылған. Осыдан кейін күйеуінің туыстары үйге келіп, жанжал шығарғаны және терезені сындырғаны айтылған. Алайда бұл нұсқаны полиция әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Желіде тараған видеода бірнеше адамның үйдің терезесін сындырып жатқан сәті көрінеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын тергеу анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от 🇰🇿 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@polisia_kostanay)